Мектеп туралы
«Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
- Облыстық атқару комитетінің 14.06.1979 ж. №274 шешімі бойынша №2 Естімейтін балалар мектеп-интернаты құрылған;
- Облыс әкімінің 01.09.1999 ж. №44 шешімі бойынша «Естімейтін балаларға арналған №2 мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылған;
- Облыс әкімдігінің 30.07.2012 ж. №224 қаулысына сәйкес «Естімейтін балаларға арналған №2 мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды;
- Шымкент қалалық әкімдігінің 29.08.2018 ж. №127 қаулысына сәйкес «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.
Мектептің ашылған жылы: 1979ж.
Жер учаскесінің көлемі - 7318,0 м 2 (0,7318га)
Жатын ғимараты 104 балаға есептелінген
Мекеменің орналасқан жері:
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Паркет көшесі, 26 үй, индексі 160009
Аялдама атауы «Венеция», қатынайтын № 23, 32, 58, 60, 84, 92, 96, 120,134 бағыттағы автобустар.
«Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернаты» КММ-не:
1) қатты дауыс әсер етпейтін;
2) қатты дауыс әсер ететін;
3) құлақ қалқаны алдында сөйлеу тілі дауысының қаттылығы әсер ететін;
4) сөйлеу тілі аумағында есту қабілетінен 90 децибелден аса орташа айырылған құлақ қалқаны жанында жоғары дауыс қаттылығымен дыбысталған кейбір сөйлеу тілі дыбыстарын (а, о, у, р) ажырататын;
5) сөйлеу тілі аумағындағы 40-тан 80 децибелге дейін және одан жоғарыны құрайтын есту қабілетінен орташа мөлшерде айрылған естімейтін, нашар еститін және кейіннен естімей қалған;
6) мектепке дейінгі жаста есту қабілетінен айырылған, бірақ елеулі бұзылыстармен сөйлеу тілі сақталған;
7)сөйлеу тілі аумағында есту қабілетінен 80-нен 90 децибелге дейін айрылған (диагностикалық (сынама) оқыту рұқсат етіледі);
8) есту қабілетінен 40-тан 80 децибелге дейін айырылған кезде сөйлеудің қабылдауы бұзылған және есту (аудиторлық) нейропатиясы бар;
9) төменгі қабылдау деңгейі мен белсенді сөйлеу тілінің дамуына ие кохлеарлы импланты бар балалар қабылданады.
Мектеп-интернаттын білім беру бағдарламалары:
Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектептер үшін қарастырып, жүзеге асырады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік мекеме мынандай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) жалпы білім беру, арнайы түзету жеке, топтық және шағын топтық дамытушы, диагностикалық бағдарламаларды іске асырады және еңбекке оқыту, есту қабілеті бұзылған балалардың есту қабілетін дамыту және дыбыстарын түзету бағытында жазу дағдыларын және ауызша сөйлесуін арттыру, сөздік қорын байыту, қоғамдық ортада сөздік және әлеуметтік қарым-қатынас жасауға бейімдеу;
2) оқу тәрбие процесі баланы психологиялық –медициналық-педагогикалық және клиникалық зерделеу деректеріне негізделген саралау және жекешіл тәсіл қағидаттарының негізінде жүзеге асырылады. Балалардың сөйлеуінің, назарының, жұмысқа қабілетінің ерекшеліктерін, олардың даму серпінің, білім алушылардың нақты білімдерін, олардың оқу материалын меңгеруінің мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін анықтауды жүйелі зерделеу оқушының даму перспективасын айқындау және түзету жұмысының құралдарын таңдау үшін жүргізіледі;
3) жеке тұлғаның шығармашылық рухани дене бітімінің мүмкіндіктерін дамыту, оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, оқуын, тамақтануын, дене тәрбиесі мен спортты, демалысын, оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған жағдайларды жасау;
4) оқудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру.
Мекеменің білім беру процесінің мақсаты тәрбие мен оқыту процесінің үздіксіздігі, интеллектуалдық, мәдени, адамгершілік және дене тәрбиесінің биік деңгейге жетуі болып табылады. Мекеме жалпы білім беретін, негізгі және қосымша болып белгіленетін бағдарламаларды жүзеге асырады, негізгі жалпы білім беретін бағдарламалар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына лайықталған негізде жасалады.
Мекемеге қабылдау тәртібі :
- арнайы білім беру ұйымдарына балалар психологиялық-медициналық –педагогикалық консультацияның (бұдан әрі - ПМПК) қорытындысы бойынша ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен ғана жіберіледі;
- психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің жолдамасымен, қорытындысымен және мекеменің бұйрығымен балаларды 3 жастан мектепке дейінгі топтарға, мектепалды және бастауыш сыныптарға қабылдайды;
- кемістік құрылымы күрделі тәрбиеленушілерге арналған сыныптар (топтар) арнайы білім беру ұйымында білім беру процесі жағдайында психологиялық –медициналық –педагогтік бақылау барысында осындай тәрбиеленушілердің айқындалуына қарай жинақталады;
- оқушыларды мекемеге қабылдау кезінде оны және оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкілдерін мекеме – жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиямен, қабылдау тәртібін және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды реттейтін басқа да құжаттармен таныстырады;
- уәкілетті орган білім беру мекемесіне қабылдаудың осы аумақта тұратын және тиісті деңгейде білім алуға құқығы бар барлық азаматтардың қабылдауын қамтамасыз ететін тәртібін белгілейді.
Мектеп-интернатқа қабылдау үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1.ПМПК мекемесінң қорытындысы, жолдамасы
2.Туу туралы куәліктің көшірмесі (нотариуспен куәләндырылған) - 2 дана
3.ЖСН (ИИН)
4.Сурет 3*4 (4 дана)
5. Аудиограмма (2 дана)
6.Өтініш
7.Мүгедектігі туралы анықтама
Дәрігерге керекті құжаттар:
1.Амбулаторлық картадан көшірме (выписка с мед.карты) - педиатр
2.Алдын-ала егу туралы картасы (Ф-№63)
3.Лор
4.Невропатолог
5.Хирург
6.Окулист
7.Дерматолог
8.Психиатр
9.Қанның Вич анализі (кровь на ВИЧ)
10.Жалпы қан анализі (общий анализ крови)
11.Жалпы зәр анализі (общий анализ мочи)
12.Нәжісін ішек құртқа тексеру –3 рет (кал на яйцо глист 3-х кратно)
13.Нәжісін бактериялогиялық тексеру (кал на бак.посев)
14.Мұрыннан, тамақтан дифтерия қоздырғышына анализі (мазок из зева и носа)
15.Эпид. аймақ туралы анықтама (3 күнге жарамды)





