14.03.2019 жылы «робот-техника» туралы кездесу

                   

Мектептегі білім беру жүйесіне жаңа технологияларды енгізудің маңыздылығы мен өзектілігі қажет. XXI ғасыр – робототехниканың заманы. Мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің өзіндік дамуларына, кәсіптік бейімділігін дағдаландыру үшін 2019 жылы 14 наурыз күні М.Әуезов атындағы Мемлекеттік Университеті жанындағы ақпараттық техникалық орталығының  директоры,  техника ғылымының кандидаты, профессор Исмаилов Серик Умербаевич және орталықтың арнайы маманы Бауыржан Дүйсенбаевич келіп, арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында мамандар робот-техникалық кешен «адамсыз технологияны» енгізудің негізі болып табылатынын, оның маңыздылығы мен болашақ өмірде атқарар қызметі жайлы түсіндіріп берді. Кездесуге ата-аналарда қатысып, қызығушылықтарын танытты.